Қазақстанда оқушылар үшін жазғы мектеп ұйымдастырылады

0
1 236

Білім министрі жазғы мектепке қатысып-қатыспауды әр бала өзі шешетінін, оқушыларды ешкім мәжбүрлемейтінін атап өтті.


Қазақстанда оқушылар үшін жазғы мектеп ұйымдастырылады

ERNUR.KZ. Қазақстандық оқушылар 17 тамыздан бастап екі апталық дайындық курсынан өте алады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов министрліктің аппарат жиналысында мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан.


Министр жазғы мектепке қатысып-қатыспауды әр бала өзі шешетінін, оқушыларды ешкім мәжбүрлемейтінін атап өтті.

"17 тамыздан бастап мектептерде жазғы мектеп форматында екі апта дайындық шарасы өткізіледі. Өңірлер бұл жұмысты бастап кетті. Бұл жұмысты ұйымдастырғанда, біз балаларға өз еркімен қатысу мүмкіндігін беруіміз керек. Сондықтан мәжбүрлеп, бәрі жазғы мектепке қатысуы тиіс деген талап қойылмайды. Біз тек мүмкіндік береміз. Осыны еске салғым келеді", - деді Аймағамбетов.

Айтуынша, дайындық негізінен математика, қазақ тілі, ағылшын, орыс тілі пәндерінен өтеді.

Ол тамыздың ортасында мұғалімдер еңбек демалысынан шығатынын айтты. Сондықтан дайындық курстарын өткізуге ешқандай кедергі болмайды.