Салық туралы жаңа кодекске сәйкес саланы бірқатар өзгеріс күтіп тұр.
ERNUR.KZ. Толығырақ Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин айтып берді, деп жазады inform.kz.
«Салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдердің саны кемінде 20%-ға қысқарады. Мемлекет басшысы атап өткендей, маңызды фискалдық қайтарымы жоқ төлемдер алынып тасталады, ал кейбірі біріктіріледі. Бізде қазір барлығы 12 салық бар, олар халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді. Шаруа және фермер қожалықтарынан алынатын бірыңғай жер салығы ғана табыс салығының мәнін қайталайды. Сонымен қатар бірыңғай жер салығын (БЖН) жеке табыс салығына көшіру ұсынылып отыр. Шаруалар мен фермерлер үшін жеңілдікті режим сақталады», - деді Азамат Әмрин Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ, вице-министр міндетті төлемдердің қысқаратыны туралы айтты.
«Ол ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін, сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін және қызметтің жекелеген түрлерімен айналысқаны үшін лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемдер. Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны, орманды пайдаланғаны және жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін 3 төлемді біріктіру ұсынылады. Табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін бір ғана төлем болады. Жалпы, төлем мөлшерлемелері 77-ге, ал алымдардың 6 түрін қысқарту ұсынылады. Олар бойынша ставкалардың 34 түрі алынып тасталады», - дейді ол.
Одан бөлек, А.Әмрин мемлекеттік баждың 5 түрі алынып тасталып, олар бойынша мөлшерлемелер 51-ге қысқаратынын мәлім етті. Бұл салық пен төлемдердің санын 20%-ға қысқарту жөніндегі міндетті орындауға мүмкіндік бермек.
Айта кетейік, бірер күн бұрын жаңа Салық кодексінің жобасы жарияланды.