Қазақстанда суперкомпьютерді қай компания жасайтыны белгілі болды

0
520

Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент елімізде өнімділігі жоғары суперкомпьютер жасау қолға алынып жатқанын, ол тек ғалымдарға ғана емес, біздің нарықта жұмыс істейтін түрлі компанияларға да қолжетімді болатынын айтқан болатын.


Қазақстанда суперкомпьютерді қай компания жасайтыны белгілі болды

АСТАНА, 13 ақпан - Sputnik. Қазақстан Presight AI Ltd. компаниясымен суперкомпьютер құру туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі.

Технологиялық инфрақұрылымды (суперкомпьютер) іске қосу Қазақстанның Орталық Азиядағы жасанды интеллектті дамыту саласындағы көшбасшылығын айқындайды және көршілес елдер үшін есептеу қуаттарын жалға алуға мүмкіндік береді деп есептейді министрлік.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, "Самұрық-Қазына" АҚ және Presight AI Ltd. компаниясымен Қазақстанда суперкомпьютер құру және тиісті деректерді өңдеу орталығын салу жобасы бойынша негізгі шарттар туралы келісімге қол қойды.
"Жобаны екі кезеңде жүзеге асыру жоспарлануда. Біріншісі "Ұлттық ақпарттық технологиялар" АҚ (Электрондық үкіметтің ақпарттық-коммуникативтік технологиялар операторы) жұмыс істеп тұрған деректер орталығында есептеу қуатын орналастыруды көздейді, ал екіншісі есептеу қуатының үлкен көлемін орналастырумен жаңа деректер орталығының құрылысын қарастырады", - делінген министрлік мәлімдемесінде.
Бұған дейін Бағдат Мусин AI-ды экономиканың барлық салаларына, сондай-ақ электрондық үкіметке енгізу мүмкіндігі үшін өзіміздің ұлттық LLM (үлкен тіл үлгісі) құрудың маңыздылығын атап өтті.
"Министрлік Назарбаев университетімен, "Тіл-Қазына" қорымен және басқа да мекемелермен экономика салаларында және электрондық үкіметте жасанды интеллектіні кеңінен қолдану үшін "Kazakh LLM" құруға дайындық жұмыстары жүргізілуде, сондай-ақ Қазақстанның стартаптарына, институттарына және ғылыми орталықтарына есептеу қуатына қолжетімділікті қамтамасыз ету механизмін әзірлеу бойынша бірлескен жұмыс ұйымдастырды", - деп хабарлайды министрлік.
Нарықта жасанды интеллектіні енгізумен айналысатын бірқатар стартаптар мен жетілген компаниялар пайда болды, мысалы: Cerebra, ForUS.Data, GoatChat.AI, Higgsfield AI, AI Labs, Sergek Group және т.б.
Табысты жағдайлардың бірі – жеделдетілген режимде инсульттің автоматтандырылған диагностикасын жүзеге асыратын отандық Cerebra платформасы. Қазақстанда сәтті сынақтан өткеннен кейін жоба Өзбекстан нарығына шықты.
Суперкомпьютер – үлкен көлемдегі мәліметтерді өңдеуді және көптеген есептеу операцияларын орындауды талап ететін есептерді шешуге қабілетті, өнімділігі жоғары есептеуіш машина. Суперкомпьютер триллиондаған, кейде квадриллиондаған (15 нөлден тұратын сан) есептеу операцияларын орындай алады.