Қазақстанда үйдің бағасы қымбаттады

0
2 556

Орта есеппен республикамызда бір шаршы метрдің бағасы 322 968 теңгені құрады.


Қазақстанда үйдің бағасы қымбаттады

ERNUR.KZ. Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі мен Ұлттық статистика бюросы 2021 жылдың ақпан айында тұрғын үй нарығындағы бағалар қалай өзгергенін айтты, деп жазады zakon.kz.

Бір айда (2021 жылдың ақпан-қаңтар айлары) көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерді қайта сату бағасы 3,1%, жаңа баспана құны 1,2% өсті. Пәтерді жалға алу ақысы 1,6% қымбаттады, - делінген хабарламада.

Орта есеппен республикамызда бір шаршы метрдің бағасы 322 968 теңгені құрады. Ақпан айымен салыстырғанда өсім 7,7% құрады.

Көпқабатты тұрғын үйдегі пәтердің орташа есеппен бір шаршы метр 252 358 теңгені құрайды. Бағаның өсімі - 19,1%.

Ал пәтерді жалға алудағы бір шаршы метр орташа есеппен 1 714 теңгені құрайды, яғни 10,7% өсім байқалады.