Қазақстанда украиналықтардың ағза мүшелері заңсыз сатылды: дәрігер ұсталды

0
1 122

Саудаланған органдардың құны 10 – 150 мың доллар шамасында болған.


Қазақстанда украиналықтардың ағза мүшелері заңсыз сатылды: дәрігер ұсталды

ERNUR.KZ. Украинаның ұлттық полициясы азаматтардың Қазақстанда ағза мүшелерін сатуға мәжбүр екенін айтты. Бұл туралы ведомство басшысының орынбасары Вячеслав Аброськин хабарлады, деп жазады, Sputnik Қазақстан.

Барлығы мұндай жиырмаға жуық жағдай болған. Украиналықтар Қазақстанда өздерінің бүйректерін саудалаған екен. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Ведомство мәліметіне сәйкес, бір бүйрек үшін шамамен 150 мың доллар төлеген.

Ер адамдардың бірі науқас әйеліне ота жасату үшін бүйрегін сатқан екен. Ал енді бірі өмір сүруіне осындай жолмен ақша тапқан.

"Бұл жерлестеріміз жай ғана орган ұсынушылар. Ал мұның артында ұйымдасқан халықаралық қылмыстық топ тұр. Олар адамның қайғысын пайдаланып, ақша жасап отыр", - деді Украинаның ұлттық полиция қызметі.

Тәртіп сақшылары қылмысқа қатысы бар бірнеше адамды ұстады. Олардың арасында дәрігер-трансплантолог та бар.