Қазақстанда Ұлттық кітап күні пайда болды

0
477

Қаулы 2024 жылғы 16 шілдеде күшіне енеді.


Қазақстанда Ұлттық кітап күні пайда болды

ERNUR.KZ. Үкіметтің 2024 жылғы 29 маусымдағы қаулысымен Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесіне тиісті толықтырулар енгізілді, деп жазады zakon.kz.

Мерекелер тізіміне тағы біреуі қосылды:

23 сәуір – Ұлттық кітап күні.

Бұл жаңа мерекелік дата Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамда жоғары кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында үшінші Ұлттық Құрылтайдың негізгі отырысында берген тапсырмасына байланысты пайда болды.

Қаулы 2024 жылғы 16 шілдеде күшіне енеді.