Қазақстанда зәйтүн майы бір жылда 21%-ға қымбаттады

0
539

Бұл ретте күнбағыс майы Қарағанды облысында, ал зәйтүн майы Павлодар облысында айтарлықтай қымбаттады.


Қазақстанда зәйтүн майы бір жылда 21%-ға қымбаттады

ERNUR.KZ. 2023 жылдың сәуір айының қорытындысына сәйкес, өсімдік майының бағасы бір жылда 8,6%-ға өсті. Оның ішінде күнбағыс майы 8,3%-ға, зәйтүн майы 20,6%-ға қымбаттады, деп жазады inbusiness.kz.

Республика бойынша өсімдік майының бағасы Қарағанды облысында елеулі деңгейде өсті: +17,9%. Антилидерлер үштігінде Астана мен Маңғыстау облыстары бар. Бағаның ең төмен өсімі Алматы облысында тіркелді: +3,2%.

Бұл ретте күнбағыс майы Қарағанды облысында, ал зәйтүн майы Павлодар облысында айтарлықтай қымбаттады. Күнбағыс майы бағасының ең аз жылдық өсімі Алматы облысында, зәйтүн майы бойынша Ұлытау облысында байқалды.

Биылғы қаңтар-наурыз айларында елімізде 171,4 мың тонна тазартылған және тазартылмаған өсімдік майы өндірілді: жылдық өсім – 23,7%.

Бір жылда тазартылған май өндірісі 8,1%-ға азайса, тазартылмаған май шығару 36,3%-ға өсті.