Қазақстанда жанар-жағармайдың шекті бағасын қадағалау жойылмақ

0
503


Қазақстанда жанар-жағармайдың шекті бағасын қадағалау жойылмақ

ERNUR.KZ. Елімізде жанар-жағармайдың шекті бағасын жою туралы норма пысықталды, деп жазады kaz.inform.kz.

Оның айтуынша, бұған Орталық Азия өңіріндегі отынға деген теңгерімсіздік және бағаның төмен болуына байланысты Қазақстаннан басқа елдерге жанармай ағыны себеп болды.

«Шекті бағадан бас тарту жөнінде шешім қабылданды, бірақ бұл мәселені нарықтағы негізгі ойыншылармен пысықтау ескерілген. Бұған дейін Petrosun компаниясы нарықтың 50 пайызға жуығын қамтыған еді. Алайда бұл актив «ҚазМұнайГаз» құрылымына қайтарылды. Қазір жанар-жағармай нарығының 80 пайызы мемлекет бақылауында», - деді М.Омаров.

Оның айтуынша, жанар-жағармай бағасының шекті деңгейін мемлекет тарапынан реттеуді азайту маңызды қадам саналады.

«Қазір монополияға қарсы заңнаманы бұзуға жол бермеу бойынша ірі желілермен жұмыс істеуге қатысты тетіктер пысықталып жатыр. Жалпы, бағаны қатаң қадағалаудан біртіндеп бас тартқан жөн», - деді агенттік басшысы.