Қазақстанда бір тәулікте 235 адам коронавирус жұқтырды, бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 80 адамға көп.
ERNUR.KZ. Қазақстанда жаңажылдық кештер мен ертеңгілікерге тыйым салынбайды. Бұл туралы үкімет кулуарында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, деп жазады zakon.kz.
Оның айтуынша, қазір науқастар саны анау айтқандай көп емес.
Сондай-ақ журналистер Денсаулық сақтау министрінен көптеген ұйымдар маска режиміне қайта оралғанын алға тарта отырып, "Қандай да бір шектеулер енгізе ме?" деп сұрады.
"Жоқ. Қазір вирустық және коронавирус инфекциялары көбейіп келеді. Апта бойынша қарасаңыз, күніне 200-ден астам жағдай тіркелетінін көруге болады. Барлығына адам көп жиналатын жерлерде бетперде тағуды ұсынамыз", - деді Ажар Ғиният.
Қазақстанда бір тәулікте 235 адам коронавирус жұқтырды, бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 80 адамға көп.