Қазақстанда жетім балаларды отбасыларға орналастырудың жаңа тәсілі пайда болады - министр

0
1 003

Асхат Аймағамбетов бүгінгі таңда елімізде 23 182 жетім бала бар екенін айттты.


Қазақстанда жетім балаларды отбасыларға орналастырудың жаңа тәсілі пайда болады - министр

ERNUR.KZ. Қазақстанда фостерлік отбасылар институты пайда болады. Онда балалар тұрақты асырап алатын ата-аналар табылғанға дейін немесе баланың қандас ата-аналары уақытша қандай да бір дағдарысты бастан кешіріп жатса, басқа отбасыларға уақытша орналастыруына болады, деп жазады Stan.kz.

"Бүгінгі таңда Қазақстанда 23 182 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар. Олардың 18 630-ы немесе 80%-дан астамы отбасында тәрбиеленіп жатыр.

Біз 2022 жылдан бастап балаларды отбасына орналастырудың тағы бір балама түрін енгізуді жоспарлап отырмыз. Бұл кәсіби немесе біз оны фостерлік отбасы деп атаймыз. Қазір біз бала құқықтары жөніндегі уәкілмен бірге осы жұмысты талқылап жатырмыз. Жақын арада оны ұйымдастыра аламыз деп үміттенемін", - білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

2022 жылға қарай біз қолдау орталығымен бірге қалған жетім балалар үйлерін ұйымдастыратын боламыз.