​Қазақстанда жылжымайтын мүлікті жалға алу құны арзандады

0
1 209

Ал шаштараз, сән салондарын жалға алу - 2,2 пайыз қымбаттаған.


​Қазақстанда жылжымайтын мүлікті жалға алу құны арзандады

ERNUR.KZ. Қазақстанда 2018 жылдың қыркүйегінде коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға алу бағасы 2017 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 0,2 пайыз өскен, деп жазады ҚазАқпарат.

Биылғы жылдың басынан бері өндірістік бөлмелерді жалға алу бағалары 1,8 пайыз, тұрмыстық қызмет көрсету, қызмет бөлмелері - 0,7 пайыз өссе, паркингтерді жалға алу бағалары 1 пайыз төмендеген. Биылғы жылдың қыркүйегінде өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда көлік жуу орындарын жалға алу бағалары 1,8 пайыз, көліктерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу стансаларын жалға алу - 4,5 пайыз, өндірістік базаларды жалға алу бағалары - 2,3 пайыз, шаштараз, сән салондарын жалға алу - 2,2 пайыз қымбаттаған. Жер үсті ашық және жабық паркингтерді жалға алу - 1 пайыз, асханаларды жалға алу - 0,8 пайыз арзандаған.