Қазақстандағы шетелдіктерден қарсылық білдірсе де саусақ іздері алынады

0
583

Егер екі қолдың барлық саусақтары немесе қолдары мүлдем жоқ болса, шетелдіктер бұл процедурадан босатылуы мүмкін.


Қазақстандағы шетелдіктерден қарсылық білдірсе де саусақ іздері алынады

ERNUR.KZ. 2024 жылдың 15 сәуірінен бастап елімізде саусақ ізін тіркеудің жаңа ережелері іске қосылады. Ішкі істер министрлігі шетелдіктерді қабылдауды бастайды, деп жазады stan.kz.

Жаңа ережеге сәйкес, саусақ ізі туралы ақпаратты жинау жеке куәлікті немесе ел азаматының төлқұжатын алғаш рет алуға ниет білдірген қазақстандықтардан аталған құжаттарды қалпына келтіру немесе ауыстыру кезінде жүзеге асырылады. Бұл олардың келісімі бойына жүргізіледі. Алдыңғы ережелер жинағында келісім міндетті емес болатын.

16 жасқа толған шетелдіктерден, сондай-ақ Қазақстанда уақытша немесе тұрақты тұруға өтініш бергендерден "саусақ ізі" алынады. Жаңа ереже Қазақстаннан шығарылғандарға да қатысты.

Елден шығарылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың денесінде қандай да бір кемістігі болса, олардың алақанынан саусақ іздері алынады.

Алайда, егер екі қолдың барлық саусақтары немесе қолдары мүлдем жоқ болса, шетелдіктер бұл процедурадан босатылуы мүмкін.