Қазақстандық әйел 12 жастағы ұлын тастап АҚШ-қа көшіп кеткен

0
743

Нәтижесінде қазақстандық әйелдің қайда екені анықталды.


Қазақстандық әйел 12 жастағы ұлын тастап АҚШ-қа көшіп кеткен

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында тәртіп сақшылары борышкерлерді, алимент төлемейтіндерді және туыстық байланысын үзген адамдарды іздестіріп жатыр. Істеу барысында 75 іс өндірісте болған, деп жазады stan.kz.

Істің тең жартысына жуығы балаларын тастап кеткен немқұрайлы ата-ананы іздеуге қатысты.

Істердің бірінде баланың анасы іздеуде болған. Полицияның мәліметінше, 40 жастағы қазақстандық әйел 12 жастағы ұлын бұрынғы күйеуінің қолына тастап, Түменге (Ресей) кеткен. Тәртіп сақшылары сол жерге қажетті сұраныстарды жолдап, кейін әйелдің АҚШ-қа қоныс аударып, сонда тұруға рұқсат алғанын анықтады.

Нәтижесінде қазақстандық әйелдің қайда екені анықталды. Оған жеке сот орындаушысына жүгіну туралы міндеттеме жіберілді. КЕҰ ДП бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілетінін атап өтті.