Қазақстандық әйел Түркияда үш айлық баласын үй ауласына тастап кеткен - БАҚ

0
637

Полицияға ер адам әйелінің ұлын не үшін тастап кеткенін білмейтінін айтты.


Қазақстандық әйел Түркияда үш айлық баласын үй ауласына тастап кеткен - БАҚ

ERNUR.KZ. Қазақстандық әйел Түркияның Анталья қаласындағы үй ауласына үш айлық баласын қалдырып кеткен, деп жазады Tengrinews.kz.

Бесікарбада жатқан баланы жергілікті тұрғын Сельма Мейдан тауып алған. Әйел бірден шұғыл көмек қызметіне хабарласқан. Бала ауруханаға жеткізілген.

Басылым мәліметінше, полиция баланың әкесін тапқан. Ол Түркияның 33 жастағы азаматы екен. Полицияға ер адам әйелінің ұлын не үшін тастап кеткенін білмейтінін айтты. Сондай-ақ ол прокуратура баланың анасының үстінен шағым қалдырған. Анасы - Қазақстан азаматы. Бала әкесіне табысталған.