Зауыт пандемия басталғанға дейін салынады деп жоспарланған.
ERNUR.KZ. Қазақстандық компания Литвада зауыт салуға рұқсат алу үшін құжаттарын тапсырды, деп хабарлайды Sputnik.kz.
Hill Corporation Клайпеда ауданындағы жағармай өндіретін зауыттың құрылысын осы жылдың маусым айында бастауы мүмкін.
Зауыт пандемия басталғанға дейін салынады деп жоспарланған. Ол кездегі есеп бойынша алдын ала инвестиция шамамен 105 миллион еуроны құрады. Қазір бұл көрсеткіш 150 миллион еуроға дейін өскен.