Қазақстандық баланың оқиғасы 30-бөлімде баяндалады.
ERNUR.KZ. Кітап қаһарманы Екібастұз қаласының 4-сынып оқушысы Максим Петров болды, деп жазады Stan.kz.
Желтоқсан айында Ресейде "Қаһарман балалар туралы ғажайып ертегілер" атты бала ерлігі туралы кітап жарық көреді. Қазақстандық баланың оқиғасы 30-бөлімде баяндалады.
"Максим жаттығудан шығып үйге қайтып бара жатқан кезінде, жылып отырған кішкентай балақайды көріп, не болғанын сұраған. Сөйтсе, ол адасып кеткен және мекен-жайын толық білмейді екен. Максим оны жақын арадағы балабақшаға апарып, тәрбиешіге тапсырған. Ондағылар полиция қызметкерлерін шақырған. Кейін бүлдіршіннің ата-анасы табылады. Егер Максим жауапкершілік танытпағанда, іздестіру жұмыстары ұзағынан болар еді", - дейді "Подвиги" баспасөз қызметкері.
Кітап батылдық танытып, қайырымды іс жасаған жасөспірімдер мен балалар туралы 30 оқиғадан тұрады. Оқиға желісі ертегі ретінде сипатталады, кейін нақты не болғаны ашып көрсетіледі.
Идея мен оны жүзеге асырудың арасында алты ай уақыт кетті. Қазан айынан бастап жоба авторлары кітап шығаруға қаржы жинай бастаған. Қазіргі уақытта 2500 дана кітап шығаруға ақша дайын, оның 500-і мектеп кітапханаларына таратылады. Ал кітап қаһарманы аталған балалар оны сыйлық ретінде алады.