Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
ERNUR.KZ. Қазақстандыққа қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қарудан оқ атылған, деп жазады tengrinews.kz.
Жамбыл облыстық полициясы қызметі ақпаратты растады. Тараз тұрғынының өліміне қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
"Қажетті сараптамалар тағайындалды. Алдын ала ақпарат бойынша, қару қаңтар оқиғалары кезінде Жамбыл облысы ПД-дан ұрланған. Қазіргі уақытта осы оқиғаларға қатысы тексеріліп жатыр", - деп хабарлады Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Басқа мәліметтер Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.