Аталмыш грамотада ағылшын тілінде «Үздік академиялық үлгерімі үшін» деп жазылған.
ERNUR.KZ. 12 жастағы қазақстандық оқушы АҚШ Президентінен алғыс алды, деп жазады ҚазАқпарат.
6 жасында оқудағы анасымен бірге АҚШ-қа кеткен қазақстандық қыз араға тағы 6 жыл салып елге оралды. Туыстары Жәмила Ахметованың көптеген грамоталарының арасынан АҚШ Президенті Д. Трамптың қолы қойылған алғыс хатын көріп, қатты таңғалса керек. Аталмыш грамотада ағылшын тілінде «Үздік академиялық үлгерімі үшін» деп жазылған.
Жәмила шынымен де өте қабілетті болып өсіп келеді. АҚШ-та ол сыныптан сыныпқа жедел көшіп отырған. Ол алтыншы сыныпты GPA 5.00 үлгерімімен аяқтап, «үздікдігін» растайтын көптеген дипломдармен марапатталыпты. Туысқандары АҚШ-та жақсы оқыған оқушыларға ел Президентінің өзі алғыс айтатынын көріп таңғалуда.