Қазақстандық оқушы ҰБТ-ға телефонын кекстің ішіне жасырып кіргізген

0
654

Бұл жайында ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев Instagram парақшасында жазды.


Қазақстандық оқушы ҰБТ-ға телефонын кекстің ішіне жасырып кіргізген

ERNUR.KZ. Талапкер ұлттық бірыңғай тестілеуге кіретін кезде телефонын кекстің арасына салып алған, деп жазады Stan.kz

Бұл жайында ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев Instagram парақшасында жазды.

"Модем және ұялы телефон қосылған тәтті десерт. Креативті тестіленушілер бізді таңғалдырудан жалықпайды. Кезекті суретте Сіздердің назарларыңызға кекстің ішіне тыйым салынған заттарды алып кірген талапкердің шығармашылық жұмысын ұсынамын. Бірақ оның бұл қулығы біздің қырағы бақылаушылардың арқасында жүзеге аспады", - деп жазады орталық директоры.

Сондықтан оған креативті жұмысы үшін "140", ал қаңтар айындағы ҰБТ нәтижесіне "0" деген балл беріледі.

"Құрметті тестіленушілер! Сіздерге ҰБТ-да смартфонға емес, тек өз біліміңізге сенуге кеңес беремін", - дейді Руслан Емелбаев.