Географиядан халықаралық олимпиада 1996 жылдан бері өткізіледі.
ERNUR.KZ. Қазақстандық оқушылар география бойынша халықаралық олимпиадада 4 медаль алды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Олимпиада Ирландия астанасы Дублинде өтті. Оған әлемнің 50 елінен 200-ге жуық оқушы қатысты.
Қазақстандық команда 1 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды:
- Ақжол Болат – Талдыкорған қаласындағы ФМБ НЗМ 11-сынып оқушысы;
- Жомарт Сабыр – Жамбыл облысындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
- Арсен Сыдықов – Шымкент қаласындағы ХББ НЗМ 11-сынып оқушысы;
- Қанат Серікбай – Шымкент қаласындағы ХББ НЗМ 11-сынып оқушысы.
Команда жетекшілері: Нұрлан Жұмагелді – «Дарын» РҒПО директордың орынбасары және Мақсат Аубакиров – «Дарын» РҒПО бөлім басшысы.
Айта кетерлігі, IGeO олимпиадасы 1996 жылдан бастап Халықаралық географиялық одақтың (IGU) қолдауымен өткізіліп келеді.