Әлем чемпионаты 20-23 сәуір аралығында Хьюстонда (АҚШ) 7-9 жас аралығында роботтехника бойынша FIRST LEGO LEAGUE өтті.
ERNUR.KZ. Қазақстандық оқушылар АҚШ-та өткен роботтехника чемпионатында бас жүлдеге ие болды, деп жазады tengrinews.kz.
Әлем чемпионаты 20-23 сәуір аралығында Хьюстонда (АҚШ) 7-9 жас аралығында роботтехника бойынша FIRST LEGO LEAGUE өтті. 2022 жылы әлемнің түкпір-түкпірінен келген оқушыларға арналған жарыстың тақырыбы - жүк тасымалы болды.
"Олар жүк тасымалдарын, жүк тасымалдаудың қандай тәсілдері бар екенін, басқа өңірлерде жеткізу қалай жолға қойылғанын, бүгінде қандай инновациялық шешімдер бар екенін зерттеді. Балалар идеялар ойлап тауып, оларды мұқият пысықтады. Ұзақ уақыт дайындалды. Негізгі қиындықтардың бірі - ағылшын тілімен жұмыс жасау деп айтуға болады. Біздің дайындық, көрсеткен идеямыз судьяларға үлкен әсер қалдырды, олар бізге тамаша пікірлер жазды", - деп бөлісті Мақажанов тілшіге берген сұхбатында.
Роботтехника бойынша әлем чемпионатында әлемнің түкпір-түкпірінен 60 команда қатысты, алайда қазақстандық балалардың жобасы Ең үздік атаққа ие болды.
4D атты командада алматылық төрт бала - Дэниел Ким, Демид Боборенко, Даниял Мұратов және Диар Адам Айбар болды.
"Қазақстандағы көліктің негізгі түрлерінің бірі - теміржол. Үлкен аумақта көп қала жоқ, сондықтан шағын қалаларға тауар жеткізуді жеңілдету үшін біз дрондары бар пойыз жасадық. Пойыз белгілі бір станцияға жақындағанда, дрондар одан ұшып шығып, арнайы "дрон қабылдау базасына" барады. Сол жерге сәлемдемелерді қалдырып, одан ары пойызға оралады. Бұл сәлемдемелерді жеткізуді және өңдеуді тездетеді", - деп түсіндірді Даниэль Ким.
Бұл идеяға америкалық Google корпорациясы да қызығушылық танытып отыр. Корпорация өкілдері қазақстандық чемпиондарды болашақта Google-ға жетекші инженер болуға шақырған екен.