Қазақстандық пара дзюдошылар 10 лицензияға ие болды

0
478

Қазіргі уақытта Қазақстан спорттың 9 түрі бойынша 32 лицензия жеңіп алды.


Қазақстандық пара дзюдошылар 10 лицензияға ие болды

ERNUR.KZ. 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында Парижде өтетін XVII жазғы Паралимпиада ойындарында ел намысын он пара дзюдошы қорғайтын болды, деп жазады inform.kz.

Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығынан мәлім еткеніндей, төртжылдықтың басты додасына төмендегі спортшылар жолдама алды.

Әйелдер арасында:

Ақмарал Науатбек, 48 кг (J2),

Даяна Федосова, 57 кг (J2),

Аяла Мереке, 70 кг (J2),

Зарина Райфова, +70 кг (J2),

Альфия Тілекқабыл, 57 кг (J1).

Ерлер:

Ерғали Шамей, 73 кг (J1),

Бауыржан Арыстанбеков, 90 кг (J1),

Ерлан Өтепов, +90 кг (J1),

Жүрқамырза Шүкірбеков, +90 кг (J2),

Ғалымжан Смағұлұлы, 90 кг (J2).

Қазіргі уақытта Қазақстан спорттың 9 түрі бойынша 32 лицензия жеңіп алды: пара пауэрлифтинг (5), пара жеңіл атлетика (3), пара жүзу (4), волейболды отырып ойнау (1), пара үстел теннисі (1), пара таэквондо (3), пара каноэ (2), пара оқ ату (2) және пара дзюдо (10).