Қазақстандық танымал жандар жасартатын бұғы қанымен емделіп жүр (видео)

0
736

Бұл жүйке жүйесіне жақсы әсер етеді, қан тамырлары ауруларын емдейді.


Қазақстандық танымал жандар жасартатын бұғы қанымен емделіп жүр (видео)

ERNUR.KZ. Бұғы қанымен емдеу Қытайдан бастау алған. Бұғы қаны қосылған панто ванналар гипертониялық сырқаттарға, жүйке жүйесі, остеохондроз, радикулит, жүрек пен қан тамырлары сынды талай ауруға ем. Елімізде соңғы жылдары бұғы қанымен емдеу әдісі кең тарады. Бұл ем түрі қарапайым тұрғындардан бастап, танымал жандар арасында сұраныста, деп жазады Stan.kz.

Бұғының мүйізімен емдеу ХVІІІ ғасырдың аяғында пайда болған және бұл ем түрі бүгінге дейін жалғасып тапты. Бұғы мүйізін пайдалану бізге ХХ ғасырдың 30-50 жылдарында Қытайдан келді.

Бұл жүйке жүйесіне жақсы әсер етеді, қан тамырлары ауруларын емдейді, "артық салмақ" мәселесін шешеді, созылмалы суық тиюмен күреседі, айқын косметологиялық әсерге ие. Күйзелісті жойып, дененің тонусын көтереді, денені жеңілдетеді. Адамды жасартады, ақыл-ой мен жыныстық белсенділікті арттыруға көмектеседі.

Бұғы қаны қосылған панто ванналардың денсаулыққа оң әсері жайлы көп айтылып жүр. Тіпті бұғының етін жеп, бетке массаж жасатады. Аталған ем түрін халық әртісі Роза Рымбаева да қабылдап, өзгелерге кеңес берді.


"Мен бүгін Аламан панто ваннасын қабылдауға келдім. Карантин кезінде, коронавирус кезінде иммунитетті көтеріп, денсаулықты жақсарту үшін панто ваннаны қабылдаңыздар. Қатонқарағайға бармай-ақ Алматының тең ортасында ем алуға болады. Жақсы ем алуға кеңес беремін", - деді Роза Қуанышқызы.




Журналист Жылқышыбай Нұрсейіт осы ем түрінің денсаулыққа пайдалы екенін айтады.


"Аламан панто ваннасы денсаулыққа пайдалы. Ұлан байтақ даламызды сақтап қалу үшін ерлеріміздің де, әйелдеріміздің де денсаулығы мықты болу керек. Бұрын сексенге келіп, тоқсанға келіп бала таптыратын ерлеріміз болған. Қазір ат үстінде жүрген ешкім жоқ. Бұрынғыдай белсенділік жоқ. Бұғының қаны ерлердің жыныстық белсенділігін арттырады, босанған әйелдердің жатырын тарылтады. Ванна келген адамдар бұғы етін жеп, бетке массаж жасайды. Ем алған соң әсерін байқай аласыз", - дейді ол.