Биыл 1 300 000 аса жол қоғалысы ережесін бұзған жағдай анықталған.
ERNUR.KZ. Қазақстандық көлік жүргізушілерінің тасжолда жылдамдықты асырған 437 мың жағдайы тіркелді. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов мәлімдеді, деп жазады Tengrinews.kz.
ІІМ мәліметіне сүйенсек, жыл сайын полицейлер 5 миллион 652 мыңға жуық жол ережесін бұзған жағдайды тіркейді.
"Биыл 1 300 000 аса жол қоғалысы ережесін бұзған жағдай анықталды. Оның ішінде 437 мыңы жылдамдықты арттыру, 289 мыңы белгілер мен таңбалар талаптарын бұзу, 68,6 мыңы жарық аспаптарын пайдалану ережесін бұзу, 5 мыңы жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін бұзу, 19,5 мыңы аялдама және көлікті тұраққа қою ережелерін бұзу дерегі бойынша", - деді Серік Түсіпов ІІМ-де өткен брифингте.
Сонымен қатар, 5 мыңнан аса жүргізуші мас күйінде ұсталған. Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін басқару құқығынан 6 мың жүргізуші айырылды, 5 мыңнан аса адам әкімшілік қамауға алынған.