Сақтандыру компанияларының ішінде «Халык-Казахинстрах» көш бастап тұр. Бұл компанияға аударылған ақшаның жалпы сомасы 3,5 млрд теңгені құрайды. Ал бұл өткен жылдың қаңтар-сәуір айларымен салыстырғанда 9,5% немесе 307,9 млн теңгеге көп. ҚР-дағы үлесі 28,2%-тен 27,7%-ке азайды.
Сақтандыру компанияларына аударылған ақша сомасы бір жыл ішінде 12% артты. Бұл өз еркімен сақтандыру компанияларына аударған соманың үштен бір бөлігін құрайды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ranking.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандықтардың өз еріктерімен сақтандыру компанияларына аударған ақшалары өткен жылмен салыстырғанда11,7% өсіп, 12,8 млрд теңгеге дейін жетті.
Сақтандыру компанияларының ішінде «Халык-Казахинстрах» көш бастап тұр. Бұл компанияға аударылған ақшаның жалпы сомасы 3,5 млрд теңгені құрайды. Ал бұл өткен жылдың қаңтар-сәуір айларымен салыстырғанда 9,5% немесе 307,9 млн теңгеге көп. ҚР-дағы үлесі 28,2%-тен 27,7%-ке азайды.
Бұдан кейінгі орында 2,6 млрд теңге жинаған «Интертич» компаниясы тұр. Бір жылда 7% немесе 175,5 млн теңгеге өскен. ҚР-дағы үлесі 21,6%-тен 20,7%-ке дейін азайған.
Көшбасшылар үштігін 1,9 млрд теңге жинаған «Евразия» бекітеді. Бір жылда 44,9% немесе 591,2 млн теңге өскен. ҚР-дағы үлесі 11,5%-тен 14,9%-ке дейін өскен.
Керісінше азаматтар ауырған кезде ақша аудару жағынан да «Халык-Казахинстрах», «Интертич» және «Евразия» компаниялары көш бастап тұр.
«Халык-Казахинстрах» компаниясының ауырған азаматтарға аударған ақшаның жалпы сомасы 1,5 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 28,1% немесе 578,5 млн теңгеге аз. ҚР-дағы үлесі 33%-тен 25,2%-ке азайды.
«Интертич» төлемдері 1,2 млрд теңгені құрады. Өткен жылмен салыстырғанда 24,5%-ке немесе 375,2 млн теңгеге аз. Ал ҚР-дағы үлесі 24,6%-тен 19,7%-ке азайған.
«Евразия» компаниясының төлемдерінің көлемі 843,8 млн теңгені құрады. 2017 жылдың қаңтар-сәуір айларымен салыстырғанда 8,1% аз. Ал ҚР-дағы үлесі 14,7%-тен 14,4%-ке дейін азайған.
Ескерту!
Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.