Қазақстандықтар тұзды көп тұтынады – ДДСҰ

0
1 351

Адамға күніне ең азы 2 грамм тұз тұтыну керек, ең көбі 5 грамм.


Қазақстандықтар тұзды көп тұтынады – ДДСҰ

ERNUR.KZ. Қазақстандықтар бір күнде 20 грамм тұз тұтынады екен, ал күндік норма - 5 грамм. Бұл туралы дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы өкілі Олег Честнов мәлімдеді, - деп жазады Tengrinews.kz.

"Қазақстанда тұз өте көп. Еуропада тұз тұтыну бойынша сіздер бірінші орындасыздар - 20 граммға дейін. Қытайлықтар да дәл сондай мөлшерде қолданады. Бірақ қытайлықтар Азияда ораналасқан. Сіздер Еуропада. Тұз мәселесін шешу жолын ойлану керек", - деді Честнов Халық денсаулығы кодексіне түзету енгізу жобасын жария түрде талқылау барысында.

Оның айтуынша, адамға күніне ең азы 2 грамм тұз тұтыну керек, ең көбі 5 грамм.

"Мен тұздалған етті ұнатамын, жылқының етін бұрын жемедім, бірақ қазір жеймін. Мен еттің тұтас бөлігін жемеймін. Мен тұзды тағамды өте аз жеймін. Тұзсыз өмір сүру қиын, бірақ оны тұтынуда бақылау керек. Сіздерге бір қап тұзды бір жыл тұтыну керек, сонда төрт келі тұтынасыздар, келесі жылы екі келі тұтыныңыздар. Тәуелділіктен құтылудың оңай тәсілдерін іздеу керек. Батыста сорпа ішпейді, себебі оның тұзы көп", - деді Олег Честнов.

Ол тұзды тұтынуды азайтудың маңызды екенін айтты. "Кодексте тұз тұтыну шамадан тыс және оның зиян екенін жазуға болмас па екен?", - деді ұйымның Қазақстандағы басшысы.