Қазақстанға шетелден аяқ киім кіргізу қиындайды

0
917

​Бүгіннен бастап Қазақстанға таңбаланбаған аяқ киімдерді кіргізуге және шығаруға тыйым салынады.


Қазақстанға шетелден аяқ киім кіргізу қиындайды

ERNUR.KZ. Себебі сауда қызметін реттеу заңнамасына енгізілген өзгерістер күшіне енді, деп жазады inbusiness.kz.

Қазіргі кезде ішкі нарықта саудаланып жатқан аяқ киімдер бақыланбайды. Кім қалай кіргіземін, өндіремін десе өз еркі. Ал бірінші қараша, яғни бүгіннен бастап әр аяқ киімге арнайы таңба салынуға тиіс.

Міндетті талапты орындамағандарға 2022 жылдың сәуіріне дейін, яғни бір жыл уақыт беріледі. Межелі мерзім өткен соң нарықтағы барлық таңбаланбаған тауарлар тартып алынады. Мақсат – контрафактілік аяқ киімдерді азайту. Қазіргі кезде оның үлесі – 48,5 пайыз.