Қазақстаннан Қытайға темір жол арқылы жүк экспорты 21% - ға өсті

0
400

Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14%-ға өскен.


Қазақстаннан Қытайға темір жол арқылы жүк экспорты 21% - ға өсті

Қазақстаннан Қытайға темір жол арқылы жүк экспорты 21% - ға өсті, деп хабарлайды ERNUR.KZ «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз-қызметіне сілтеме жасап.

Биылғы жылдың қаңтар-сәуір айының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қытай арасындағы темір жол көлігімен тасымалдау көлемі 10,1 млн тоннаға жетті.
Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14%-ға өскен. Осы ретте, экспорт 21%-ға, яғни 4,5 млн тоннаға дейін өсті.
Алтынкөл – Қорғас шекара өткелі арқылы тасымалд көлемі өткен жыл деңгейіне қарағанда 8%-ға, 4,2 млн тоннаға дейін артты. Оның ішінде экспорт – 42%-ға, 1,5 млн тоннаға дейін.
Достық станциясы арқылы ҚХР-ға және кері бағытта 5,9 млн тонна жүк берілді, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 18%-ға жоғары. Экспорт 13%-ға, 3 млн тоннаға дейін өсті.