Бірінші тоқсанда шетелге аударылған қаражат көлемінің азаюы екінші жыл қатарынан байқалып отыр.
ERNUR.KZ. Биыл қаңтар–наурыз айларында халықаралық аударым жүйелері арқылы шетелге жіберілген қаражат көлемі 182,9 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5% аз, деп жазады sputnik.kz.
Бірінші тоқсанда шетелге аударылған қаражат көлемінің азаюы екінші жыл қатарынан байқалып отыр. Транзакциялар саны, керісінше, 28,2% өсіп, 530,2 мыңды құрады. Бұл бір аударымның орташа көлемін 2022 жылғы қаңтар-наурыздағы 458,3 мың теңгеден 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 344,9 мың теңгеге дейін қысқартты.
Қазақстаннан халықаралық ақша аудару жүйелері арқылы ең көп қаражат Түркияға жіберілген. Түрік еліне 54,4 млрд теңге аударылған. Бұл 2022 жылдың қаңтар–наурызымен салыстырғанда 4%-ға артық. Одан кейінгі орында Ресей тұр, оған биылғы жылдың бірінші тоқсанында 48,1 млрд теңге жіберілді. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бірден 68,9% көп.
Үздік үштікті Өзбекстан түйіндеді. Оған 32,3 млрд теңге жөнелтілген. Бұл бір жыл бұрынғыдан 15,5%-ға аз.
Қазақстаннан Грузияға (18,7 млрд теңге) және Қырғызстанға (6 млрд теңге) қомақты қаражат жіберілді. Грузияға жөнелтілген ақша аударымы 40,3%-ға өссе, Қырғызстанға керісінше бірден 5,5 есе азайды.