Объектілердің қызметін қайта бастауға рұқсат берілді.
ERNUR.KZ. Бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетованың жаңа қаулысы жарияланды, - деп жазады Tengrinews.kz.
Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы" Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 15 тамыздағы № 48 қаулысына (бұдан әрі–Қаулы) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1) 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменттері, облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының полиция департаменттері:
1) қызметіне рұқсат етілген объектілерде карантиндік шаралардың, санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуын бақылауды қамтамасыз етсін. Бұзушылықтар анықталған кезде "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік шаралар қабылдауды;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссиясы отырысының2020 жылғы 30шілдедегі № 6 хаттамасының 2.6-тармағын басшылыққа ала отырып,
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 2020 жылғы 15 тамыздағы № 48 қаулысына 2 және 3-қосымшаларға сәйкес қызметі шектелмеген объектілерді қоса алғанда, объектілердің қызметін қайта бастауды қамтамасыз етсін", - делінген хабарламада.
Қаулының толық мәтінін мына жерден көруге болады.