Қазақстанның даму банкіне жаңа басшы тағайындалды

0
519

Қаржы институтын бұдан былай Нұрлан Байбазаров басқарады.


Қазақстанның даму банкіне жаңа басшы тағайындалды

ERNUR.KZ. «Қазақстанның даму банкі» АҚ Басқарма төрағасы тағайындалды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Қаржы институтын бұдан былай Нұрлан Байбазаров басқарады. Ол 1975 жылы туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Банк ісін ұйымдастыру» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы ҚР Қаржы министрлігінің Бюджет департаментінде бастаған.

2004 жылдан 2011 жылға дейін «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-да басқарма бастығынан бастап басқарушы директорға дейін әртүрлі лауазымдарда қызмет істеді.

2013-2016 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігінде экономика салаларын дамыту департаментінің директоры қызметін атқарды.

2016 жылдан бастап қазіргі күнге дейін «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі және Басқарма төрағасы болды.