Қазан айында 700 мыңдай адам ЖРВИ жұқтырған - ДСМ

0
939

Оның ішінде 66%-ы 14 жасқа дейінгі балалар.


Қазан айында 700 мыңдай адам ЖРВИ жұқтырған - ДСМ

ERNUR.KZ. Қазан айында 700 мыңға жуық адам тұмаумен ауырған. Денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпиджағдайға алаңдаулы, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Осы жылдың қазан айында республикада ЖРВИ-дың 638 208 жағдайы тіркелді, оның ішінде ЖРВИ-мен ауырғандардың 66%-ын 14 жасқа дейінгі балалар құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 27%-ға төмендеді. Соңғы аптада ЖРВИ-мен сырқаттанушылық төмендеп, өткен аптамен салыстырғанда 25,8%-ға төмендеді», - деп атап өтті А.Есмағамбетова.

Жіті респираторлық вирустық инфекциядан бөлек, қызылша ауру да дендеп тұр. Жыл басынан бері республика бойынша 11 мыңнан астам жағдай тіркелген. Оның 80 пайыздан астамы 14 жасқа дейінгі балалар.

Статистика бойынша ауру жұқтырғандардың көпшілігі иммундалмаған. Яғни, екпе алмағандар. Денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова тұмауға да қарсы вакцина салдыруға кеңес береді. Вирустың таралу маусымы қарашадан сәуірге дейін жалғасатынын айтты.