Казком мүлкін Халық банкіне беру туралы шешім қабылданды

0
1 287

"Қазақстан Халық Банкі" АҚ басқарма төрағасы Үміт Шаяхметоваға "Қазақстан Халық Банкі" АҚ-тың "Казкоммерцбанк" АҚ-қа өз еркімен бірігетініне рұқсат беретін құжатқа қол қойып, барлық уәкілеттік органға және ұйымдарға банктердің бірігетіні жайлы құжатты жолдауға және тағы басқа қажетті құжатттарға қол қоюға уәкілеттік берілді.


Казком мүлкін Халық банкіне беру туралы шешім қабылданды

"Казкоммерцбанк" АҚ "Қазақстан Халық Банкі" АҚ-пен біріктіру туралы шешім қабылданды. Мұндай шешім қаржы институттары акционерлерінің біріккен жиналысы барысында қабылданған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz KASE сайтына сілтеме жасап.

"Казкоммерцбанк" АҚ пен "Қазақстан Халық Банкі" АҚ-ты ҚР белгілеген заңнамаға сәйкес және "Казкоммерцбанк" АҚ пен "Қазақстан Халық Банкі" АҚ акционерлерінің біріккен жиналысында қабылданған шешімге сәйкес, банктерді өз еркімен қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ, "Казкоммерцбанк" АҚ-тың мүлігі (құқықтары мен міндеттері) "Қазақстан Халық Банкі" АҚ-қа өтетіні айтылады. "Қазақстан Халық Банкі" АҚ басқарма төрағасы Үміт Шаяхметоваға "Қазақстан Халық Банкі" АҚ-тың "Казкоммерцбанк" АҚ-қа өз еркімен бірігетініне рұқсат беретін құжатқа қол қойып, барлық уәкілеттік органға және ұйымдарға банктердің бірігетіні жайлы құжатты жолдауға және тағы басқа қажетті құжатттарға қол қоюға уәкілеттік берілді. Ал "Казкоммерцбанк" АҚ басқарма төрағасы Ульфа Вокуркуге "Казкоммерцбанк" АҚ-тың "Қазақстан Халық Банкі" АҚ-қа өз еркімен бірігуіне рұқсат беретін құжатқа қол қойып, оны барлық қажетті уәкілетті органға жолдауға және тағы басқа қажетті құжаттарға қол қоюға уәкілеттік берілді. Еске сала кетейік, 2017 жылы Халық банктің директорлар кеңесі "Казкоммерцбанкпен" бірігу туралы шешімді мақұлдаған еді.