KEGOC компаниясының төрағасы ауысты

0
816

Нәби Еркінұлы Айтжанов 1980 жылы 11 қыркүйекте Ақмола облысында туған.


KEGOC компаниясының төрағасы ауысты

ERNUR.KZ. 42 жастағы Нәби Айтжанов "KEGOC" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп жазады sputnik.kz.

Бұған дейін Нәби Айтжанов "Қазақстан коммуналдық жүйелері" ЖШС бас директоры қызметін атқарған.
Ал "Самұрық-Қазынаның" еншілес компаниясы KEGOC-ты 2021 жылғы қарашадан Қаныш Молдабаев басқарып келді.

Жаңа басшы туралы не білеміз

Нәби Еркінұлы Айтжанов 1980 жылы 11 қыркүйекте Ақмола облысында туған. Екі жоғары білімі бар.
Еңбек жолын 2002 жылы "Көкшетау Энерго" ЖШС болжау-талдау орталығында маман-жетекші инженер қызметінен бастаған.
Әр жылдары "Қазақстан коммуналдық жүйелері" АҚ Корпоративтік даму басқармасының басшысы, "Энергопоток" ЖШС директоры, "Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС бас директоры және "Қарағанды Энергоцентр" ЖШС бас директоры болды.