​ Келесі айдан бастап темекі бағасы тағы 6,5 пайызға қымбаттайды

0
489

Ал келесі жылдың басынан темекі өнімдерінің құны қосымша 6 пайызға өседі.


​ Келесі айдан бастап темекі бағасы тағы 6,5 пайызға қымбаттайды

ERNUR.KZ. Қазақстанда темекінің ең төменгі бөлшек сауда бағасын белгілеу бойынша заңнамалық түзетулерді қоғамдық талқылау аяқталды, деп жазады sputnik.kz.

1 шілдеден бастап темекі өнімдері тағы 6,5 пайызға қымбаттайды. Бір қорап темекінің ең төменгі құны 820 теңге болады (қазір 770 теңге). Ал келесі жылдың басынан бастап темекі өнімдерінің құны тағы 6 пайызға – 870 теңгеге дейін өседі.
Қазақстанның Қаржы министрлігі бағаны өсіру арқылы темекі шегетіндерді азайтуды мақсат тұтып отыр.
Ұлттық статистика бюросының есептеріне қарағанда, темекі шегетін қазақстандықтар бағаның тұрақты өсіп отыратынын ескеру керек, өткен жылдан бері темек айтарлықтай қымбаттады.
Мәселен, 2024 жылдың алғашқы бес айында статистика мамандары темекі бағасының жылдық көрсеткіште 16%-дан 18,8%-ға дейін өскенін тіркеді.