Оқырмандары актердің бұл әрекетін салт-дәстүрді сыйламау деп бағалады.
ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде беташар кезінде жас келінге футбол клубтарына сәлем салдырған жас актердің әрекеті тарап, көпшіліктің ашуын туғызды деп жазады kaz.nur.kz.
Видеоны Facebook әлеуметтік желісінде Қуаныш Рахметоллаұлы Смағұл есімді оқырман жариялады. Кадрдан танымал жайдарманшы, "Қармақшы" құрамасының капитаны Жандос Самалбековтің беташар кезінде жаңа түскен келінге футбол клубтарына сәлем салдырғанын байқауға болады.
"Бірі білсе, бірі білмейді. Футбол әлемінде Елдар (күйеу жігіт - ред.) "Барселона" клубына жанкүйер екен. Сол үшін "Барселонаның" құрметіне екі сәлем, "Баварияның" құрметі үшін сегіз сәлем", - деді ол.
Бұны көрген желі оқырмандары актердің бұл әрекетін салт-дәстүрді сыйламау деп бағалады.
"Салт-дәстүрді мазақ қылғаны несі", "Беташарды бұлай мазақ қылуға болмайды", "Ұят", "Масқара", "Қазақтың қастерлі дәстүрін, жаңа түскен келінді, ата ананы мазаққа айналдырып тұрған жетесізге жел беріп күліп тұрған өресі төмен ортаға не деуге болады? Күлкі емес, қасірет қой мынау! Сырт адам не ойлайды? Айтарға сөзім жоқ!", "Беташар жарықтықтыңда сүйкімі кеткен екенғой... Келінге келген жерінің әулетін таныстырып,өсиет айтушы еді. Барселонада бастарың қалғырлар-ай", - деп ашуланды олар.