​Мьянмада тағы бір жер сілкінісі болды

0
219

28 наурызда Мьянмада магнитудасы 7,7 болатын күшті жер сілкінісі болды.


​Мьянмада тағы бір жер сілкінісі болды

Фото: Report

ERNUR.KZ. Мьянмадағы Мандалай қаласынан солтүстікке қарай 60 шақырым жерде магнитудасы 5,2 дәрежелі жер сілкінісі болды. Бұл туралы Тайландтың метеорологиялық департаменті хабарлады, деп жазады inform.kz.

Жер сілкінісі жергілікті уақытпен сағат 14:58-де тіркелген, ошағы 10 шақырым тереңдікте орналасқан.

Айта кетейік, 28 наурызда Мьянмада магнитудасы 7,7 болатын күшті жер сілкінісі болды. Жер асты дүмпулері көршілес бес елде де сезілді. Соңғы мәліметтер бойынша, қаза тапқандар саны 3 600 адам, жараланғандар саны 5 000-нан асты.
Айта кетейік, бұған дейін Мьянмадағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 3,5 мыңнан асқанын хабарладық.