Қазақстанда iPhone бағасы күрт қымбаттауы мүмкін

0
229

Қытайдан импортталатын тауарларға 54 пайыздық баж салығының енгізілуі де әсер етпек.


Қазақстанда iPhone бағасы күрт қымбаттауы мүмкін

ERNUR.KZ. Қазақстанда iPhone бағасы қымбаттауы мүмкін. Себебі АҚШ-тағы жаңа енгізіліп жатқан салық Apple бағаларына әсер етеді, деп жазады baq.kz.

АҚШ президенті Дональд Трамптың жаңа импорттық тарифтер туралы жариялауынан кейін Apple смартфондарының бағасы айтарлықтай қымбаттауы мүмкін.

Қытайдан импортталатын тауарларға 54 пайыздық баж салығының енгізілуі де әсер етпек. Онда iPhone-дардың басым бөлігі өндірілетіндіктен, құрылғылар бағасы 43%-ға дейін өсуі мүмкін.

iPhone бағалары не болады?

Rosenblatt Securities аналитиктерінің болжамы бойынша, АҚШ нарығында бастапқыда 799 долларға сатылатын iPhone16 моделінің бағасы 1142 долларға дейін өсуі мүмкін. Яғни, 43%-ға қымбаттайды деген сөз.

iPhone 16 Pro Max, 6,9 дюймдік дисплейі және 1 ТБ жады бар үлгі қазіргі уақытта 1599 доллар тұрады. Алайда барлық салықтар қолданылған жағдайда, флагмандық модельдің бағасы 2300 долларға жетуі мүмкін.