Қазақстанда 20 жылдан астам пайдаланылған көліктерге салынатын салық 50 пайыз төмендетіледі

0
316

10 жылдан астам пайдаланылған автомобильдер үшін салық сомасы 30 пайыз.


Қазақстанда 20 жылдан астам пайдаланылған көліктерге салынатын салық 50 пайыз төмендетіледі

Фото: pixabay.com

ERNUR.KZ. Мәжіліс депутаттары Салық кодексінің жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Кодекске сәйкес, елде 10 жылдан астам қолданылған көліктерге салық азайтылады, деп жазады stan.kz.

Жоба аясында салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді, салықтық жеңілдіктер санын қысқарту, мониторингілеу және талдау бойынша жүйелі шаралар көзделген. Банк секторы (25%), ойын бизнесі (25%), әлеуметтік сала (10%) және ауыл шаруашылығы (3%) үшін корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі сараланады. Базалық мөлшерлеме 20 пайыз деңгейінде қалады.

“Ғимараттарды, құрылыстарды, машиналарды, жабдықтарды, бағдарламалық қамтылымды сатып алу немесе салу кезінде инвестициялық салықтық преференциялар қарастырылады. Жеке тұлғаларға салық салу бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін жеке табыс салығынан босату ұсынылады. Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жалақыдан базалық салық шегерімін белгілеу көзделеді”, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар 10 жылдан астам пайдаланылған автомобильдер үшін салық сомасы 30 пайыз, 20 жылдан астам пайдаланылғандарға 50 пайыз төмендетіледі.