Көптің жағасын ұстатқан видео әлеуметтік желіде жарияланды.
ERNUR.KZ. Ғаламторда жаңа түскен келіннің басына жылқының жүгенін тағып, ары-бері жетектеген ененің әрекеті қызу талқыланып жатыр. Түсініксіз рәсімнің еліміздің қай өңірінде жасалғаны белгісіз, деп exk.kz.
Көптің жағасын ұстатқан видео әлеуметтік желіде жарияланды. Онда жүгенделген келінді енесі бөлмені айнала жетектеп жүр. Бұл рәсімге тағы бірнеше әйел жиналған.
Осы бейнежазбаның еліміздің қай өңірінде түсірілгені әзірге белгісіз. Көрер көзге оғаш ырым туралы желі қолданушылары түрлі пікір қалдырған.
"Қай сумидың шығарғаны, қарап отырған өзім ұялып кетттім", "Масқара! Қазір есті кемпірлер де қалмады ғой", "Енесі болашақта осылай жүресің деген шығар?", "Бұл не енді? Ойына келгенін істеді-ау. Салт-дәстүрді бұзып-ақ болды. Сөзім жоқ", - деп түрлі пікір жазған желі қолданушылары.