“Кенесары ханның өлімі үшін кешірім сұраған“: Қырғызстанда әнші ұсталды

0
284

Қырғызстандық әнші Қайрат Примбердиев Кенесары ханның өлімі үшін кешірім сұрап, бұл мәлімдеме әлеуметтік желілерде әртүрлі пікірлер туғызған еді.


“Кенесары ханның өлімі үшін кешірім сұраған“: Қырғызстанда әнші ұсталды

Фото: instagram.com/kairat_primberdiev_official

ERNUR.KZ. Қырғызстанның Мемлекттік ұлттық қауіпсіздік комитеті (МҰҚК) ұлтаралық араздықты қоздырды деген күдікті ұсталғанын хабарлады. Жергілікті БАҚ мәліметінше, әңгіме әнші Қайрат Примбердиев туралы, деп жазады tengrinews.kz.

Жүргізіліп жатқан жедел-іздестіру шаралары аясында "Нәсілдік, этникалық, ұлттық және діни араздықты қоздыру" бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс бойынша 1985 жылы туған Қырғызстан азаматы анықталған. Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәліметінше, күдікті YouTube-арналарының бірінде ұлтаралық араздықты қоздыруға бағытталған мәлімдемелер жасаған.

Әншіге қатысты "елден кетпеу туралы қолхат" түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған.

"Қазіргі уақытта қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. МҰҚК Қырғызстан заңнамасына сәйкес нәсілдік, этникалық, ұлттық, діни немесе өңірлік араздықты қоздыру әрекеттері үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді", – деп хабарлады ведомство.


Еске салайық, бұған дейін Қырғызстандық әнші Қайрат Примбердиев Кенесары ханның өлімі үшін кешірім сұрап, бұл мәлімдеме әлеуметтік желілерде әртүрлі пікірлер туғызған еді.