Бірнеше баспасөз беттерінде ҚФФ Бас хатшысы Азамат Айтхожин қызметінен кетеді деген ақпарат тарады.
ERNUR.KZ. Қазақстанның футбол федерациясы Азамат Айтхожиннің Бас хатшы қызметінен кетеді деген ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады Vesti.kz.
"Бірнеше баспасөз беттерінде ҚФФ Бас хатшысы Азамат Айтхожин қызметінен кетеді деген ақпарат тарады. Қазақстан футбол федерациясы бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдейді. Азамат Айтхожин қалыпты жағдайда жұмысын одан әрі жалғастыра бермек", - делінген ҚФФ сайтындағы хабарламада.