Хромтау тұрғыны темекі салдарынан өртеніп кете жаздады

0
248

1961 жылы туған ер адам ауруханаға жеткізілді.


Хромтау тұрғыны темекі салдарынан өртеніп кете жаздады

ERNUR.KZ. Хромтау қаласының тұрғыны сөндірілмеген темекінің салдарынан арқасын күйдіріп алды, деп жазады baq.kz.

Өрт Әуезов көшесіндегі көппәтерлі тұрғын үйдің 4-қабатында болған. Пәтерде 2 шаршы метр алаңда матрас жанды. Тұрғындар өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін қызыл жалынды ауыздықтаған.

2-дәрежелі термикалық арқа күйігін алған 1961 жылы туған ер адам ауруханаға жеткізілді, ол тексеруден кейін үйге жіберілді. Өрттің алдын ала себебі - темекі шегу кезіндегі абайсыздық. Ешқашан темекімен төсекке жатпаңыз! Бөлмеңізді күлсалғышпен жабдықтаңыз. Бұл жаман әдеттен бас тартыңыз. Өз өміріңізді қорғаңыз!, - делінген хабарламада.