«Күш атасын танымас» дегендей, нәзік жандылардың бірі шамамен 8-10 келі келетін кір тасын ойланбастан 100 рет көтеріп тастады. Асаба «Ақшыңыраудың» қызы деп таныстырған келіннің қонақтар қол шапалақтаған сайын делебесі қозып, 100 рет кір тасын көтеріп, той рекордын жаңартты.
иллюстрациялық сурет
ERNUR.KZ. Қазақтың тойы қазына ғой. «Той десе қу бас домалайды» деп қазақ бекер айтпаған. Ел ішінде жатқан дарын иесін де көпке танытатын осы қазақтың тойы.
Сондай тойдың бірінде түсіріген мына таспада ұлттық киім киіп киіп, орамал таққан келіндердің кір тасын көтеруден жарысы желіні жарды.
Асаба «Жеңіске жеткен үміткерге «Айфон 8+» жүлдесі беріледі», деген сөзін аяқтап үлгермей, білегіне сене боз кілем үстіне шыққан келіндер анау-мынау ерге бергісіз күші бар екенін байқатты.
«Күш атасын танымас» дегендей, нәзік жандылардың бірі шамамен 8-10 келі келетін кір тасын ойланбастан 100 рет көтеріп тастады. Асаба «Ақшыңыраудың» қызы деп таныстырған келіннің қонақтар қол шапалақтаған сайын делебесі қозып, 100 рет кір тасын көтеріп, той рекордын жаңартты. Шулаған көпшілік таңданысын жасыра алмай, жас келіннің күштілігін жарыса мақтап жатты.
Оған дейінгі келіншектің бірі 30 рет, кейінгісі намысқа тырысып 45-ті бағындырса, үшінші келін кір тасын 37-рет көтерген еді.
Әлеуметтік желі қолданушыларының бірі «Мынадай мықты келіндерді қайдан жинап алған», «Күштері көп екен» деп таңданысын білдірсе, басқасы тамаданың әйелге айтқан қалжыңын жақтырмай тастады.