ҚМА Боранбаевтың активтеріне қатысты мәлімдеме жасады

0
601

Қаржылық мониторинг агенттігі тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұрайды.


ҚМА Боранбаевтың активтеріне қатысты мәлімдеме жасады

ERNUR.KZ. Кей жекелеген БАҚ өкілдерінің Қайрат Боранбаевтың мемлекет пайдасына активтерді беруінің жалғандығы туралы таратқан ақпараты шындыққа жанаспайды, деп жазады baq.kz.

Бұл туралы ҚМА баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Жарияланған ақпараттарға сай активтерді мемлекеттік органдардың балансына беру процесі аяқталды. Екі нысан бойынша қайта тіркеу рәсімі өтуде. Қаржылық мониторинг агенттігі тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұрайды", - делінген ведомство хабарламасында.