Қоғамды даңғазалық, шамадан тыс дарақылық жайлап алды - Төрегелді Шарманов

0
535

"Мұндайдан тыйылатын кез әлдеқашан өтті."


Қоғамды даңғазалық, шамадан тыс дарақылық жайлап алды - Төрегелді Шарманов

Қазақ ғалымы, нутрициолог, ҚР ҰҒА мен РМҒА академигі, Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов, қазір той-тойлауға емес, ғылым-білімге, мәдениет пен экономикаға көңіл бөлетін уақыт екенін айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Біздің қоғамды даңғазалық, тойшылдық, шамадан тыс дарақылық жайлап алды. Бірімен бірі жарысып ат шаптырып той жасау, сол бір ғана той үшін бәленбай сомаға шашылу басым. 50-60-70 жасты мерейтой етіп тойлаудың қажеті қанша? Мұның қоғамға пайдасы бар ма? Біреудің мерейтойының тойланғанынан ұлттың мәртебесі арта ма? Тіпті осындай дарақы тойлардан қалыспаймыз деп қайсыбір ағайын қарызданып қауғаланып той жасайды. Мұндайдан тыйылатын кез әлдеқашан өтті.

Қазір той тойлап «әлеулейтін» заман емес. Қазір ақпараттық технологиялық даму ғасыры. Өзге елдер осы көштен қалыспауы үшін ғылым-білімін, мәдениетін, экономикасын жетілдіріп әлек. Біз әлі той-тойлаудың айналасында жүрміз", - деп жазады Төрегелді Шарманов.