Көкшетау әкімі қызметінен босатылды

0
409

Бауыржан Ғайса 1972 жылы 8 тамызда дүниеге келген.


Көкшетау әкімі қызметінен босатылды

ERNUR.KZ. Көкшетау әкімі Бауыржан Ғайса қызметінен босатылды, деп жазады tengrinews.kz.

"Осы жылдың 20 тамызында Ақмола облысы әкімінің өкімімен Бауыржан Сейітқалиұлы Ғайса Көкшетау қаласының әкімі қызметінен босатылды.

Әкімнің міндеттерін уақытша қала әкімінің орынбасары Гүлмира Темірболатқызы Шұқатова атқарады", - делінген хабарламада.

Бауыржан Ғайса 1972 жылы 8 тамызда дүниеге келген.

Челябинск мемлекеттік аграрлық университетін, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін, Польшаның Кутне қаласындағы мемлекеттік жоғары экономикалық мектебін бітірген.

1994-2013 жылдары – жекеменшік салада жұмыс істеген.

2013-2014 жылдары - "Nur Otan" (Amanat) партиясының Көкшетау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

2014-2016 жылдары – "Nur Otan" (Amanat) партиясының Ақмола облыстық филиалы төрағасының орынбасары. 2016-2018 жылдары - Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы.

2018-2019 жылдары – Қорғалжың ауданы әкімі.

2019 жылдың 10 сәуірінен бастап – Ақмола облысы әкімі аппаратының жетекшісі болған.