Шаңғы трассасына түсіп келе жатқан жігіт ағашқа соқтығысқан.
ERNUR.KZ. Көкшетау іргесіндегі тау шаңғысы курортында шаңғы теуіп жүріп 16 жастағы демалушы қайтыс болды, деп жазады tengrinews.kz.
Ақмола облысы ПД мәліметінше, 2 қаңтарда сағат 17:25-те Зеренді аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне шаңғы базасының меңгерушісінен елорданың кәмелетке толмаған тұрғыны Садовое ауылынан 10 шақырым жерде шаңғы трассасында қайтыс болғаны туралы ақпарат түскен.
Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы келді. Кәмелетке толмаған жігіттің шаңғы базасына ата-анасымен демалуға келгені анықталған. Тіршілік белгісі жоқ жас жігіттің денесін екі демалушы тауып алған. Шаңғы трассасына түсіп келе жатқан жігіт ағашқа соқтығысып, құлап, есін жимай сол жерде жан тапсырған.
Жедел жәрдем келгеннен кейін оған биологиялық өлім диагнозы қойылған. Жігіт жедел жәрдем келгенше қайтыс болған.
Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 306-бабы ("Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету") бойынша соталды тергеу басталды. Сараптама тағайындалды.