Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
ERNUR.KZ. 30 наурызда Көкшетауда Баймұқанов көшесіндегі төрт қабатты тұрғын үйдің подъезінде өрт шығып, 80 адамды эвакуациялауға тура келді, деп жазады zakon.kz.
Өрттің және одан кейінгі эвакуацияның себебі - бірінші қабаттағы подъездің ағаш терезе жақтауларының отқа орануы.
Эвакуация жұмысымен өрт сөндірушілер мен полиция айналысты. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
25 шаршы метр аумақты алған өрт сағат 07:55-те сөндірілді.
Өрттің шығу себебі анықталу үстінде.