Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілі босанған әйелдің шағымына жауап берді.
ERNUR.KZ. Жаңа босанған әйел әлеуметтік желілерде Алматыдағы № 1 перзентханада жүкті және босанатын әйелдерге берілетін тамаққа шағымданды, деп жазады Tengrinews.kz.
Instagram-дағы топтардың бірінде жаңа туған нәрестесі бар анаға арналған тамақ түсірілген видео пайда болды. Кадрлардан ыдыстағы тамақ мөлшері онша үлкен емес екенін көруге болады. Мұндай тамақ №1 перзентханада берілетіні айтылды.
"Үнемі тамаққа байланысты мәселе туындайды: көлемі аз әрі артық бермейді. Бірақ басқасы қалыпты сияқты. Көрсетілетін қызмет бойынша мәселе жоқ", - делінген видеодағы жазбада.
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілі босанған әйелдің шағымына жауап берді. Ведомство мәліметінше, жүкті әйелдер мен босанатын әйелдерге арналған перзентханада тамақ "тамақтанудың табиғи нормаларына" сәйкес беріледі. Үкімет бұл нормаларды 2002 жылдың қаңтарында бекіткені айтылды.
"Жүкті әйелдер мен босанатын әйелдердің тамақтануы диеталық тамақтануға, соның ішінде №15 диеталық кестеге сәйкес жүргізіледі. Күнделікті ас мәзірі белгіленген бағдарлама бойынша күн сайын бекітіледі. Диетолог үнемі қадағалап отырады. Науқастардан шағым түскен жоқ", - деді ҚДБ қызметкері.